Тараз қаласындағы мектепте жарылыс болды

0
844

Оттан қорғанған үш адам үшінші қабаттан секіріп кеткен.


Тараз қаласындағы мектепте жарылыс болды

ERNUR.KZ. Мектептегі жарылыс туралы алдымен ақпаратты жергілікті журналист Нурадин Рақай таратты, деп жазады inbusiness.kz.

Үш адам оттан қорғанып, 3 қабаттан секіріп кеткен. Екі адам уланып қалған.

"Сырлайтын бояу атылып кетті деген әңгіме тарап жатыр. Оқиға түнгі Шона Смаханұлы атындағы 44 мектепте сағат он екі шамасында болған. Жалпы Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Бұл жердегі мектептің балалары қазір үш мектепке қатынап оқиды. Жарылыс бір қызығы түнгі сағат он екіде болған. Осы жерде жүрген жас қыздар жалыннан қорғанып, үшінші қабаттан секірген. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. 12 метрден биіктіктен секірген, сүйегі сынған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған", - деді журналист.