Таразда 29 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдікті ұсталды

0
617

Қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


Таразда 29 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Таразда аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.


«26 шілде күні таңғы сағат 02.10 шамасында Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына 29 жастағы ер адам түсіп, алған пышақ жарақатынан қайтыс болды. Белгілі болғандай, жанжал туындаған кезде бейтаныс адам жәбірленушінің кеудесіне пышақ салған. Тараз қалалық полиция басқармасының № 2 полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген ведомство хабарламасында.


Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовтың айтуынша, қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.