Таразда алғаш рет мектеп директорлары сайысқа түсті

0
1 352

Сайысқа аудандар мен облыс орталығынан 10 білім ошағының жетекшілері қатысты


Таразда алғаш рет мектеп директорлары сайысқа түсті

ERNUR.KZ. Таразда алғаш рет жас мектеп директорлары арасында байқау өтті, деп жазады 24.kz.

Шараға аудандар мен облыс орталығынан 10 білім ошағының үздік деген жетекшілері қатысты. Олар жергілікті ауыл-аймақтарда ақпан және сәуір айларында іріктеу кезеңінен өткен. Жоба жас басшылардың бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, өзара креативті идеяларымен бөлісуге бағытталған. Байқау барысында мамандар 5 минуттық бейнеролик арқылы өздерін таныстырды. Сондай-ақ басқарып отырған мектептерінің стратегиялық даму жоспарын қорғап, білім беру тиімділігі тақырыбында эссе жазды. Мамандар мұндай бастама мұғалімдердің қызметін насихаттап, жастардың тәжірибе жинақтауларына үлкен мүмкіндік дейді.

Күлизат Бақтыбаева, педагогика ғылымдарының кандидаты:

– Біз бұл жерде шектеу қойдық. Жұмыс өтілі директорлық лауазымында 5 жылдан аспауы керек. Эмоционалдығы, халықтың алдында өзін ұстай білуі. Сөйлеу мәнері, яғни 6-критерий бойынша осы жерде бағаланады.