Таразда қалдықтарды қайта өндейтін ірі зауыт салынады

0
1 092

Жоба құны 17,0 миллиард теңгені құрап отыр.


Таразда қалдықтарды қайта өндейтін ірі зауыт салынады

ERNUR.KZ. Таразда жылына 150,0 мың тонна тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өндейтін зауыт салынады, деп хабарлайды ktk.kz.

Аталмыш зауыт ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында американдық технология негізінде бой көтермек. Жоба құны 17,0 миллиард теңгені құрап отыр. Құрылыс кезінде 120 қызметкер, нақты іске қосылғанда 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Бүгінгі күні алдын ала бизнес-жоспар жасалып, 20 гектар жер учаскесі бөлінді. 2019 жылдың 1 тамызында «TorgTreid KZ» компаниясы мен «Ekojer» ЖШС арасында Тараз қаласында қоқысты қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен қаржылық мәселелері қаралуда»,- дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының міндетін атқарушы Айбар Әділбақов.