Таразда оқушы қызды тонамақ болған ер адам ұсталды

0
1 250

42 жастағы күдікті өз кінәсін мойындаған.


Таразда оқушы қызды тонамақ болған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Таразда кәмелетке толмаған қызды тонамақ болған 42 жастағы күдікті ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

24 қаңтарда Тараз қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз адамның кәмелет жасқа толмаған қызына күш қолданып, жеке мүлкін ұрламақшы болғанын айтқан.
Полиция жедел іздестіру іс-шаралары кезінде Байзақ ауданының 42 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің айтуынша, ол оқушының құнды затын ұрламақ болған, алайда қыз айқайлап, көмек сұрай бастаған соң оқиға орнынан бой тасалаған.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Істің толық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеп-тексеру жүріп жатыр.