Таразда зақымдалған электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

0
502

Апаттық бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.


Таразда зақымдалған электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Қазір қаланың барлық аумағында құлаған талдарды алу жұмыстары жүргізілуде. Салдарынан үзілген, зақымдалған электр желілері қалпына келтірілуде, деп жазады baq.kz.

Дүлей дауылдан соң қаланың Қант зауыты, Барысхан алқаптары, 15 және 13 мөлтек аудандары мен «Арай», «Көктем» иіндері, «Тайвань» ауданы мен Ы.Сүлейменов көшесінің соңы, 28 саяжай мен шағын аудандардағы кейбір тұрғын үйлерінде жарық жоқ.

Апаттық бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.