​Таразда зейнеткерлерді алдаған әйел гипноз қолданған болуы мүмкін

0
1 103

Күдікті Шымкент қаласының мөлтекаудандарының бірінде ұсталған.


​Таразда зейнеткерлерді алдаған әйел гипноз қолданған болуы мүмкін
сурет:tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Таразда зейнеткерлердің есебінен күн көретін әйел ұсталды. Ол соңғы рет зейнеткердің 8 мың доллары мен 120 мың теңгесін үптеп кеткен. Күдікті құрбандарын құрыққа қалай түсіреді, ол гипноз қолдана ма, қазір осы жағы анықталуда, деп жазады ktk.kz.

39 жастағы әйел 68-дегі зейнеткермен көшеде жолығып, оның іші-бауырына кірген. Сөйтіп ол, қарт кісінің ақшасы барын біліп, алдын ала теңгесін берсең, дүкеннен 30 пайыз жеңілдікпен тұрмыстық техниканы алуға болады деп үгіттеген. Тіпті лотереяға қатыссаң, толық сомманы қайтарып аласың деп сендірді. Осы жалған сөзге илана қалған аңқау зейнеткер банкоматтағы 120 теңгесі мен депозиттен 8 мың долларын шешіп бере салған. Ал одан кейін уәде берген адамы ұшты-күйлі жоғалған. Түк түсінбей қалған кейуананың шағымынан соң іздеуге кіріскен полицейлер, күдіктіні көрші облыста қолға түсірді. Қазір оның сыбайластары бар жоғы анықталып жатыр.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспассөз хатшысы:

- Күдікті Шымкент қаласының мөлтекаудандарының бірінде ұсталған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ол Тараз қаласына жеткізіліп, осыған осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.