Тараздағы аялдамада адамдарды қағып кеткен жүргізуші жол апатына не себеп болғанын айтты

0
880

Полиция жас жігіттің ішімдік ішпегенін айтты.


Тараздағы аялдамада адамдарды қағып кеткен жүргізуші жол апатына не себеп болғанын айтты

ERNUR.KZ. 15 қыркүйекте Таразда Hyundai көлігі аялдамада тұрған бірнеше адамды қағып кеткен еді. Жол апат салдарынан екі әйел қайтыс болды, зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. 23 жастағы жүргізуші оқиғаға не себеп болғанын түсіндірді, деп жазады kaz.nur.kz.

Полицияның мәліметінше, 23 жастағы жігіт түні бойы жұмыс істегендіктен, сол күні рульде ұйықтап кеткенін айтқан. Қатты шошып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Одан бөлек, облыстық полиция департаменті жас жігіттің мас күйде болмағанын атап өтті. Ол қазір тергеу изоляторында отыр. Еске салсақ, адам өліміне әкелген жол апаты 15 қыркүйекте болды.

Таңертеңгі уақытта жүргізуші аялдамада тұрған адамдарды қағып кетіп, екі адам қайтыс болған болатын. Т