Тараздық судья парамен ұсталды

0
2 088

Судьяға қатысты өз кінәсін толықтай мойындап отырғандықтан ұстау шарасы жүргізілмегені айтылады. Соталды тергеу жүріп жатыр.


Тараздық судья парамен ұсталды

араздық судья парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті ҚР Жоғарғы Соты Аппаратының Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Тараз қалалық соты судьясының қылмысын әшкереледі, судья жеке тұлғадан мүлік бөлісу туралы азаматтық іс бойынша орындау хатын бергені үшін 650 мың теңге алған", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Судьяға қатысты өз кінәсін толықтай мойындап отырғандықтан ұстау шарасы жүргізілмегені айтылады. Соталды тергеу жүріп жатыр.