Тараздық әйел күйеуін пышақтап өлтірді

0
437

Күдікті кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Тараздық әйел күйеуін пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай Тараз қаласында болған. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жарақат алған тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде екі күн жатқан, деп жазады exk.kz.

Полицияға Тараз қалалық ауруханасына 47 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақаттарымен түскені туралы хабар келген. Кейін белгілі болғандай, оған өзінің әйелі пышақ жұмсаған екен. Ер адам медициналық мекемеге түскеннен кейін келесі күні есін жимаған күйі қайтыс болыпты.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, шаһардың шет жағында тұратын отбасында белгісіз себептермен жанжал туындаған. Ұрыстың соңы қол жұмсауға дейін барған көрінеді. Ерлі-зайыптылардың отбасылық жағдайы туралы еш мәлімет жоқ.

"Күдікті кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұрын сотты болмаған. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.