Тараздық келіншек әйел екенін дәлелдейтін құжатын ақыры алды

0
797

​Ол өмірге келген кезде туу туралы куәлігінде жынысы "ер" болып көрсетіліп, осы күнге дейін қателікті түзете алмай келген еді.


Тараздық келіншек әйел екенін дәлелдейтін құжатын ақыры алды

ERNUR.KZ. Журналистер араласқаннан кейін Нұрзат дұрысталған құжатына қол жеткізді, деп жазады Экспресс

Тараз қаласының тұрғыны Нұрзат Қалдыбаева 4 жылдан бері құжатындағы қате жазуды жөндей алмай жүрген.

Мемлекеттік органдарға көмек сұрап талай барғанымен, одан еш нәтиже шықпаған еді. Енді, міне, 8 наурыз мерекесі қарсаңында Нұрзат дұрыс жазылған куәлігін қолына алды.Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шалқар Елеместің айтуынша, құжатта кеткен қатені дұрыстауға 3 күн кетіпті.

"2000 жылы Нұрзат Қалдыбаева "Сенім" жекеменшік перзентханасында дүниеге келген сәтте мамандар қателік жіберген. Кейін ол перзентхана жабылып қалған. Бізге өтінішпен келген соң құжаттарды қайта қарап, АХАЖ бөлімі куәліктегі қатені түзетіп берді", дейді Шалқар Елемес.

"Нұрзат туу туралы куәлігіне қатысты түйткілдің шешілгеніне риза. "Бұл жағдай жеке құжаттарға келгенде өте ықтиятты болуды үйретті", — дейді ол.