Тәрбиешінің кесірінен орындықтан құлап кетті: Қостанай балабақшаларының бірінде 3 жасар бала сүйегін сындырып алған

0
929

Бейнежазбадан баланың еденге құлап, жылағанын көруге болады.


Тәрбиешінің кесірінен орындықтан құлап кетті: Қостанай балабақшаларының бірінде 3 жасар бала сүйегін сындырып алған

ERNUR.KZ. Қостанайда №61 балабақшаның тәрбиешісі отырған үш жасар баланың орындығын тартып қалып, нәтижесінде құлаған бүлдіршіннің сүйегі сынған, деп жазады Stan.kz.

Бейнежазбадан баланың еденге құлап, жылағанын көруге болады. Бірақ жедел жәрдем шақырудың орнына, тәрбиеші оны тыныштандыруға тырысқан.

Қазіргі уақытта зардап шегуші емделуде, ал тәрбиеші демалысқа кеткен. Балалар мекемесінің басшылығы бұл әрекетке айтарлықтай жауап бермейтіндерін айтты.

"Біздің бұл тәрбиеші жақсы. Басқа ештеңе айта алмаймыз", - деп түсіндірді балабақша директорының орынбасары Ботагөз Омар.

Баланың ата-анасының айтуынша олар полицияға арыз жазған. Алайда бұл әрекеттен 141-бап “балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыс құрамы байқалмайтыны айтылған.