Тәртіпсіздіктерге қатысқандар есірткіге мас болған - ШҚО полициясы

0
303

Департамент мәліметінше, тәртіпсіздіктерден 25 полицей мен әскери қызметші жарақат алған.


Тәртіпсіздіктерге қатысқандар есірткіге мас болған - ШҚО полициясы

Шығыс Қазақстан облысында тәртіпсіздікке қатысқандар есірткі мен алкогольге мас болған. Бұл туралы ШҚО полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Өңірде жаппай тәртіпсіздіктерге кем дегенде 3 мың адам қатысқаны, 500 адам ұсталып, қазіргі уақытта олардан жауап алынып жатқаны айтылады.

"Ұсталғандар алкогольге және өзге де заттарға мас болған, оның ішінде есірткі де бар, осы деректің бәріне қатысты сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша заңсыз әрекеттерге баға беріледі, бұзақылардың қолынан 25 қызметкер зардап шекті, оның ішінде пышақ жарақатын алғандар бар, кейбірі ауруханаға жатқызылды. Бірақ зардап шеккен қызметкерлер де қатаң тәртіпте қызмет атқарып жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова.

Департамент мәліметінше, тәртіпсіздіктерден 25 полицей мен әскери қызметші жарақат алған, 13 көлік өртенген, бір модульдік полиция бекеті қираған.