Тас жол бойындағы жарылыс: Маңғыстауда оқ-дәрілерді жою жұмыстары жүріп жатыр

0
566

"Оймаша" полигонында 19-30 маусым аралығында қоймаларда әрі қарай сақтауға қауіпті оқ-дәрілерді жою шаралары өткізіліп жатыр.


Тас жол бойындағы жарылыс: Маңғыстауда оқ-дәрілерді жою жұмыстары жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Маңғыстауда елді мекендерден алыс қашықтықта орналасқан полигондарда оқ-дәрілер жойылып жатыр. Бұл айдың соңына дейін жалғасады, деп жазады sputnik.kz.

"Оймаша" полигонында 19-30 маусым аралығында қоймаларда әрі қарай сақтауға қауіпті оқ-дәрілерді жою шаралары өткізіліп жатыр.
"Осыған байланысты Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындарына кәдеге жарату кезінде жарылыс дыбысы естілетінін ескертеміз, алайда ол жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмейді", - деді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің бастығы Нұрбол Шалабаев.
Кәдеге жарату кезеңдерін өткізу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды, деп атап өтті гарнизон өкілі.