Ташкентте Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің туристік ақпарат орталығы ашылды

0
1 986

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік өнімдері кеңсесі жұмысын бастады. Мекеме Шымкент қаласы мен Түркістан облыстық туризм басқармасының қолдауымен ашылды.


Ташкентте Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің туристік ақпарат орталығы ашылды

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік өнімдері кеңсесі жұмысын бастады - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталмыш орталық Шымкент қаласы мен Түркістан облыстық туризм басқармасының қолдауымен ашылды.

Туристік өнімдер бір ортақ брендпен біріктіріледі. Алда екі елдің туристік операторларының қатысуымен біздің аймаққа шетелдік туристерді тарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Бүгінде Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары - Самарқанд, Хива, Бұхара, Ташкент, Шымкент, Түркістан және Таразға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыт әзірленді. Бұл бастама Орталық Азияға арналған шенген визасын алудың баламасы мен «Ұлы Жібек Жолының» бірыңғай визасын жоспарлы түрде жүзеге асыру аясында көршілес екі елдің туристік әлеуетін дамытуға жақсы қолдау болады.
Айта кету керек, туристік ақпараттық орталық Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылуына орай өткізілген іс-шара аясында іске қосылды.