Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еліміздегі ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесінің құрамына өтті, деп жазады baq.kz.
Наурыз айында ресейлік компанияның акционерлері сайлауға екі үміткерді ұсынғаны туралы хабарлаған болатын. Оның біреуі – КамАЗ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырко болса, екіншісі 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов.
4 маусымда өткен жылдық жалпы жиналыста Иманғали Нұрғалиұлы мүшелікке өтті.
«КАМАЗ» ЖАҚ – ресейлік компания, дизельді жүк көліктері мен дизельді қозғалтқыштарды өндіреді. Сонымен қатар автобустар, тракторлар, комбайндар, электр қондырғылары, жылу шағын электр стансалары мен компоненттер шығарады. Негізгі өндіріс Набережные Челны қаласында орналасқан.
Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еліміздегі ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.