Алматы шыңында адасқан қыздардың турист екені анықталды
фото:Тengrinews.kz
ERNUR.KZ. Алматы тауларында Испанияның екі азаматшасы құтқарылды, - деп жазады tengrinews.kz
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 26 тамызда сағат 16.09-да Үлкен Алматы шыңында екі қыз адасып қалды деген хабарлама келген. 16.24-те республикалық жедел-құтқару қызметінің жедел тобы (соның ішінде 1 кинологиялық есеп) іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге шықты.
Іздестіру барысында сағат 18.06-да жедел құтқару тобы саяхатшыларды тауып таудан түсіре бастады. 18.55-те құтқарушылар қиындақсыз саяхатшыларды төмен түсірді. "Іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында жоғалған туристердің испан азаматшалары екені анықталды.
Туристер жеке көліктеріне жеткізілді және олар медициналық көмекке мұқтаж емес", - деді Иманқұлов.