Тәуекелдерді басқару жүйесі

0
728

Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.


Тәуекелдерді басқару жүйесі

Шымкент қаласы бойынша Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 136-бабына сәйкес, тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдер дәрежесін бағалауға негізделгенін және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтитынын жеткізеді.

Мемлекетке залал келтіруі мүмкін және (немесе) болуы мүмкін салық төлеушінің салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып саналады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:

* жоғары тәуекел салаларына назар аудару және қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдалануды қамтамасыз ету;
* орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту;
* тәуекелдің төмен дәрежесі анықталған салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды барынша азайту;
* тәуекел дәрежесіне байланысты салықтық әкімшілендіру шаралары мен тәсілдерін саралап қолдану.
Тәуекелдер дәрежесін бағалау салық төлеушілер ұсынған салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану салалары:
* тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу;
* салық төлеушілерді (салық агенттерін) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оларды төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәрежесі санаттарына жатқызу жолымен санаттау;
* қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығын растау;
* камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтың тәуекел дәрежесін анықтау;
* салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандары.
Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық салық төлеушілерден салық міндеттемесін уақтылы және сапалы орындауды сұрайды.
Еңбекші ауданы бойынша
МКБ-ның бас маманы
Б.Қасымов.