Текеліде далада ашық тұрған электр желісінің құрылғысына кірген баланы тоқ соқты

0
523

Қазір бала ауруханада жатыр.


Текеліде далада ашық тұрған электр желісінің құрылғысына кірген баланы тоқ соқты

ERNUR.KZ. Полицияның ақпаратына сәйкес қыз бала 2014 жылы туған. Оқиға 22 мамыр күні болған, деп жазады inbusiness.kz.

Қыз бала тығылмақ ойнап жүріп, ашық тұрған тоқтың ішіне кіріп кеткен.

"Аталған факті қалалық полицияның ақпараттық кітабында ресми тіркелгенін хабарлаймыз. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық департаментіне жолданды", - делінген ведомствоның хабарламасында.