"Тексереміз": Балаева Бишімбаевтың сотында Собчакқа берілген ерекше артықшылықтарға қатысты пікір білдірді

0
434

22 сәуірде Бишімбаевтың кезекті сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты.


ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаевтың сот отырысына Ксения Собчактың қатысуына қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Министр ресейлік журналистің сотқа қатысуы министрлікпен алдын ала келісілмегенін хабарлады.

“Мұны қараймыз. Журналистің келгенін сіздер әлеуметтік желілерде таратқан соң білдім. Айтпақшы, мен сот процесін бақылап жүрген жоқпын және оны сіздердің материалдарыңыздан білемін”, – деді Балаева.

Айта кетейік, 22 сәуірде Бишімбаевтың кезекті сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты. Оны сот залына кіргізіп, жәбірленушілердің жанындағы орындыққа отырғызды. Бұл ретте қазақстандық журналистер орын аз болғандықтан, тұру шартымен сот залына кіргізілген еді.