Tele2 және Altel бәсекелес ортаға беріледі

0
570

Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.


Tele2 және Altel бәсекелес ортаға беріледі

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі "2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізетін үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп жазады zakon.kz.

Құжат 2024 жылдың соңына дейін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ін (Tele2 және Altel) "Қазақтелеком" АҚ-на бәсекелес ортаға беруді қарастырады.

Түсіндірілгендей, компания Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа жекешелендіру нысаны ретінде енгізіледі.

Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.