Телеарна тілшісі тікелей эфир кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

0
939

COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты жарияланған карантиннің салдарынан ғашықтар екі бөлек қалада қалып қойған.


Телеарна тілшісі тікелей эфир кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық "Хабар 24" телеарнасының тілшісі тікелей эфир кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Марк Брюшко бұл батыл қадамға дәл осындай жағдайда барамын деп ойламаған. Журналистің ұсынысқа қатысты бастапқыда жоспары мүлдем басқаша болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілі бұл батыл әрекетін наурыз мейрамында ғашығы тұратын қалаға барып іске асыруды ойлаған. Алайда, елімізді дүрліктірген коронавирус қос ғашықтың жоспарларын бұзған.

COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты жарияланған карантиннің салдарынан олар екі бөлек қалада қалып қойған. Бірақ, Марк өз сөзінде тұрып, орын алған жағдайға қарамастан сүйіктісіне деген шынайы сезімін дәлелдеу мақсатында оған эфир барысында сөз салды.

Белгілі болғандай, тілшінің ғашығы да журналистика саласында қызмет атқарады. Алайда, қалыңдық басқа қалада жұмыс істейтін болып шықты.

"Хабар 24" өкілі махаббатына үйленуге ұсыныс жасаған соң, оған қоңырау шалып жауабын беруін сұраған. Нәтижесінде келесі тікелей эфир кезінде Марк сүйіктісі келісімін бергенін хабарлап, құттықтаулар қабылдауға дайын екенін жеткізді.