Қайтыс болған күннің ертеңінде дерекқорда ер адамның вакцинаның екінші компонентін алғаны туралы жазба пайда болды.
ERNUR.KZ. Бұл деректі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар арасында коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді бақылау кезінде анықтады, деп жазады Stan.kz.
Теміртау қаласының 59 жастағы тұрғынында жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанға дейін вакцинаның бірінші компонентімен егілгені туралы белгілі болған. Бес күннен кейін бұл азамат COVID-19-дан қайтыс болды. Алайда ол қайтыс болған күннің ертеңінде дерекқорда ер адамның вакцинаның екінші компонентін алғаны туралы жазба пайда болды.
“Бұл, әрине, алғашқы вакцинаның алынғанына күмән тудырды”, – деп түсіндірді полиция департаментінің тергеу бөлімінің басшысы Алмаз Саламатов.
Медицина қызметкерлеріне қатысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің 385 -бабы "Қызметтік құжаттарды қолдан жасау және сату" бойынша қозғалған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы облыс ДП басшылығының бақылауына алынды.