Теміртауда балалар арасындағы жанжал атыспен аяқталды

0
526

Оларды ажырату үшін әкелері шыққан.


Теміртауда балалар арасындағы жанжал атыспен аяқталды

ERNUR.KZ. Сенбі, 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын ауданын аулаларының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туған. Оларды ажырату үшін әкелері шыққан, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласының бетінен ұрған. Кейін соққы жеген ер адам үйінен мылтық алып шығып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен.

Атыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жанжалға қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

"Жасырынған ер адамды ұстау үшін облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы бағытталған. Тергеу жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.