Теміртауда екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған

0
722

Тәртіп сақшылары оларды ұстады


Теміртауда екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған

ERNUR.KZ. Медицина мекемесінің қызметкерін соққыға жаққандар қаланың екі тұрғыны болып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«26 ақпанда түнгі сағат 01.00-де Теміртау қаласында көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреулер 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Сол себепті жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер «ізін суытпай», 25 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.