Теміртауда газ баллоны жарылып, 5 адам күйіп қалды

0
887

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.


Теміртауда газ баллоны жарылып, 5 адам күйіп қалды

ERNUR.KZ. Теміртауда базар маңындағы дүңгіршекте газ баллонының жарылуынан болған өрттен бес адам зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

Теміртауда 30 қаңтар күні сағат 11:46-да «101» қызметіне, 24/2 үйінің маңында 6-шағынаудандағы дүңгіршектің жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін орталық базардың бас ғимаратының жанына орнатылған сауда-саттық автокөлік тіркемесін сататын 7,5 шаршы метр аумақ та отқа оранған. Газ ауа қоспасының жарылысынан бес адам, оның ішінде төрт әйел және бір бала жарақат алған», - дейді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.


«Зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылды, олардың арасында 2016 жылы туған бала бар. Бет, дене және аяқ I, II және III дәрежелі термиялық күйік алған. Барлық зардап шеккендер Теміртау қаласының Орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жіберілді», - деп мәлім етті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Өрт сағат 12:12-де өшірілді.