Зардап шеккен екі әйел ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Теміртау қаласындағы "Металлург ҚМК" аумағында ірі өрт болды. Салдарынан мыңға жуық үй өртеніп, екі адам зардап шекті. Төтенше жағдай туралы ақпарат Instagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасына жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.
Өртті сөндіруге өрт сөндіру поезы, жеті автоцистерна және 64 өртсөндіруші тартылды.
"Негізгі күштер тұрғын үйлерді, темір жолдарды, Жаңа ауыл стансасының объектілерін және "Металлургическая" қосалқы станциясын қорғауға бағытталды. Өртсөндірушілердің кәсіби шеберлігінің арқасында бұл маңызды нысандарды өрт шалмады", - деп хабарлады ТЖ басқармасы өкіді.
Өрт сөнгеннен кейін 1932 және 1936 жылы туған екі қарт әйелді табылды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі хал-ахуалдың нашарлап, әлсіреп тұрғанын айтқан, ал екіншісі ІІ-ІІІ "А" дәрежелі күйік алған.
ТЖ басқармасының мәліметтеріне сәйкес, алдын ала бағалау бойынша 700-ден аса қараусыз қалған және 20-ға жуық саяжай құрылыстары, сондай-ақ, 160 гектар алқаптағы шөп жанып кеткен.