Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмған.
ERNUR.KZ. Теміртауда полицей қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 қазанда болған.
"3 қазанда Теміртауда Lada Vesta қызметтік автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен Восточная көшесіне қарай келе жатқанда тұманға байланысты жолды дұрыс көрмей, салдарынан 65 жастағы ер адамды қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмған", - деді полицейлер.
Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу") бойынша басталды.
"Іс облыстың полиция департаментінің анықтау басқармасының өндірісінде және облыстық ПД басшысының жеке бақылауында", - деді полицейлер.