Олар жалақыны көтеруді талап етіп отыр.
ERNUR.KZ. Теңізде "Сенімді құрылыс" ЖШС мердігер компания қызметкерлері инфляцияға байланысты жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты, деп жазады Stan.kz.
Дереккөзге сүйенсек, ереуілшілер 500 мың теңгеден беруді талап етеді. Олардың хабарламасына сәйкес, Теңізшевройл компаниясы бұл соманы мердігер компанияның қызметкерлеріне төлеуі керек. Сондай-ақ олар инфляцияға байланысты жалақыны 20%-ға көтеруді және "Сенімді құрылыс" ЖШС қосалқы мердігерлерінің жалақысын көтеруді талап етеді.