Қазақстандық қыздар 1 мамыр күні Вьетнам құрамасымен кортқа шығады.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 1-13 мамырда 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді, деп жазады inform.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алдымен 1-6 мамырда қыздар командалары сайысқа түседі.
Бүгін тартылған жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы В тобында Жапония, Иран және Вьетнам командаларымен ойнайды.
Қазақстандық қыздар 1 мамыр күні Вьетнам құрамасымен кортқа шығады.
Ел намысын алматылық Полина Слепцова, астаналық Ариана Гогулина және тараздық Анастасия Крымкова қорғайды.
Команда капитаны Ярослава Шведова баптайтын Қазақстан құрамасында Іңкәр Дүйсебай нөмір бірінші ойыншы болатын. Әйтсе де Іңкәр Өзбекстанда алған жарақатынан толық айықпаған еді. Оның үстіне өзін жайсыз сезінгендіктен, Іңкәрді А.Крымкова алмастырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сергей Квактың теннистен әлем чемпионатына жолдама алу үшін барын салатынын айтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің финалисі атанды.