Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі (видео)

0
5 767

1,5 жыл бұрын соттың үкімімен Төлешов 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.


Терезе сүртіп, еден жуады:

ERNUR.KZ. Шымкенттік белгілі кәсіпкер, ел арасына «сыра королі» лақап атымен танылған Тоқтар Төлешов 1,5 жылдан бері өзінің ертегідегідей соғылған зәулім сарайын ұмытқан, деп жазады Otyrar.kz.

Оның алып баспанасын қазір мынау аядай ғана тар қапас басқан-ды.

Бір ғана оқшауланған «қамау-орынға» 10 адамнан жайғасатын бөлменің оған екі жарым шаршы метрі ғана бекітілген. Таңғы сағат 6:00-да оянады, түнгі 22:00-де ұйқыға бас қоятын қылмыскер қазір түрмедегі ауыр жұмысқа жұмылдырылмайды, тек тазалық жұмыстарын ғана жасайды екен. Яғни, жасақтағы есік-терезе немесе еден жууға бекітіледі. Себебі аса қауіпті қылмыскер ретінде қатаң қадағалауға алынып отыр. Сондай-ақ, түскі асты өзгелермен бір үстелде отырып, тамақтануға рұқсат берілген.

Еске салайық, Тоқтар Төлешов 1,5 жыл бұрын соттың үкімімен 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Оған мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылған еді. Сондай-ақ, салықтан жалтарғаны, экономикалық қылмыстарға барғаны үшін айыпты деп танылып, мемлекетке 1,5 млрд. теңгеге жуық өтемақы төлеуге міндеттелді. Мал-мүлкі тәркіленіп, коммерциялық мекемелерде басшылық жасаудан шеттетілген болатын.