Рөлде 20 жастағы жүргізуші отырған.
ERNUR.KZ. Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады tengrinews.kz.
Басылым оқырманы оқиғаның видеосын жіберген. Оның айтуынша, оқиға Белбұлақ ауылы маңындағы Талғар тасжолында болған. Кадрларда Mercedes қатты жылдамдықпен соғылғаны көрінеді.
"Таң Шолпан" дүкенінің маңында көлік "сальто" жасады. Адам терезеден ұшып шығып, ол да сальто жасады. Ол тірі ме, жоқ па, белгісіз", - деп жазды ер адам.
Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Жол апаты 15 мамырда таңғы сағат 06:40 шамасында болған екен. Рөлде 20 жастағы жүргізуші отырған.
"Mercedes көлігін тізгіндеген ол Алматы-Талғар тасжолымен жүрді. 15-шақырымда жүргізуші рөлді басқара алмай соқтығысты. Оқиға салдарынан дене жарақатын алған жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді", - деді өңірлік Полиция департаменті өкілі.
Бұл дерек Талғар ауданының полициясында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.