«Терракт жасамақ болған» – Атырауда 9 сынып оқушысы ұсталды

0
522

Қазір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


«Терракт жасамақ болған» – Атырауда 9 сынып оқушысы ұсталды

ERNUR.KZ. Полицияның мәлімдеуінше, жасөспірім анонимді telegram арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акт жасалатыны туралы хабарлама жариялаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның басқа да осындай telegram арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің облыс мектептерінің бірінде тоғызыншы сыныпта оқитыны белгілі болды. Қазір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін тағы бір құпия telegram арна Астанадағы мектептердің бірінде шабуыл болатыны туралы жалған ақпарат таратқан еді.