Тиімсіз жеңілдіктер қысқартылуы керек – қаржы министрі

0
739

Министр бүгінгі Үкімет отырысында әрбір субъекті бойынша талдау жүргізе отырып, барлық мемлекеттік қолдау шараларын алушылар бойынша Қаржы министрлігінің базасында бірыңғай ақпараттық жүйе құруды ұсынды.


Тиімсіз жеңілдіктер қысқартылуы керек – қаржы министрі

ERNUR.KZ. Тиімділік тұрғысынан мемлекеттік қолдау шаралары оңтайландырылатын болады. Мемлекеттік органдар арасында қайталау болмау керек және тек әлеуетті жобалар ғана қаржыландырылуы керек, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Министр бүгінгі Үкімет отырысында әрбір субъекті бойынша талдау жүргізе отырып, барлық мемлекеттік қолдау шараларын алушылар бойынша Қаржы министрлігінің базасында бірыңғай ақпараттық жүйе құруды ұсынды.

Салық жеңілдіктері мен преференциялары бойынша бүгінде сомасы 4,5 триллион теңгеге 277 жеңілдік бар. Жұмыс тобымен сомасы 237 млрд теңгеге 13 жеңілдікті қысқарту алдын-ала ұсынылды. Сарапшылардың кең ауқымын тарта отырып, барлық жеңілдіктерге қосымша талдау жүргізетін боламыз. Министрлер мен әкімдер тиімсіз жеңілдіктерді қысқарту жөнінде өз ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне 1 ай мерзімде ұсынуы қажет, - деп айтты Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, ол кейінге шегеруге болатын шығыстарды анықтау қажет екенін жеткізді.

Бұл үшін барлық минстрліктер, әкімдіктер, ұлттық холдингтер мен компаниялар Мемлекет басшысының мораторий жүргізу жөніндегі тапсырмасын және Есеп комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, өздерінің ағымдағы жылға арналған барлық шығыстарына мұқият талдау жүрігізіп, оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныстарын Қаржы министрлігіне енгізуі тиіс. Бірінші кезекте, Президент атап өткендей, бұл - имидждік шығыстар, конференциялар, семинарлар, зерттеулер, көлік, жиһаз және басқа да шығыстар, - деп атап өтті Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Өздеріңізге мәлім, күні кеше өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу және форумдар өткізу шығыстарына мораторий жариялаған еді.

Бұл ретте, Әлихан Смайылов министрліктер мен әкімдіктерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мен корпоративтік басқарудың тәсілдерін енгізу өздерінің шығыстары мен бизнес процестерін оңтайландыру есебінен жүргізілуі керек деді.

Құрылысқа арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму миинстрлігімен бірлесіп, жобалардың бірыңғай банкін құру және Үлгілік жобаларды міндетті пайдалану бойынша бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында дайындалған түзетулердің 8-пакеті шеңберінде заңнамаға өзгерістер енгізуді жеделдету қажет, - деп түйіндеді өз сөзін ведомство басшысы.