ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы басталды

0
1 332

Бұл жолғы отырысқа достастыққа мүше елдің 11-нің 10-ы қатысып жатыр


ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы басталды

ERNUR.KZ. Жиын өтетін «Коха Самон» үкімет резиденциясында президенттерді мемлекет басшысы Эмомали Рахмон қарсы алды, деп жазады 24.kz.

Бұл жолғы отырысқа достастыққа мүше елдің 11-нің 10-ы қатысып жатыр. Оның ішінде сегіз елді президенттер бастап келді. Жиынға бұл жолы Түрікменстан делегациясын елдің вице-премьері Пурли Ағамырадов бастап келсе, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян да кеңеске алғаш рет қатысып отыр.

Президенттер суретке түсу рәсімінен соң, шағын құрамдағы отырыс өткізді. Оны тәжік президенті Эмомали Рахмон ашты. Ол бір жыл бойы ұйымның төрағасы ретінде атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Шағын құрамдағы отырыста достастыққа мүше мемлекеттер байланысты бекемдеу мәселесін жан-жақты талқылап, ұйымның келесі төрағасын бекітті. Белгілі болғандай, ұйымның келесі төрағалығы – Түрікменстанға тапсырылды. Шағын форматтағы кездесуден соң делегаттардың қатысуымен кеңестің кеңейтілген отырысы басталады.

"Тәжікстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде салалар мен кеңестердің 40 шақты отырысы өтті. Олар терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі айналымы, заңсыз миграция секілді қылмыс түрлерімен бірігіп күресуге бағытталды. Бүгінгі отырысқа Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Шәріпұлы Жээнбеков пен Армения Республикасының президенті Никол Воваевич Пашинян алғаш рет қатысып отыр. ТМД мемлекет басшыларының мүшесі ретінде сіздерді қарсы алуға қуаныштымын, алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін" - деді Тәжікстан республикасының президенті Эмомали Рахмон.