​Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған департамент басшысы қызметінен кетті

0
1 422

Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспанов қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған департамент басшысы қызметінен кетті

иллюстрациялық фото: camping-napoleon.fr

Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспанов қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметі бойынша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі №211-ж бұйрығымен М.Оспанов өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес этикалық әдеп талаптарын бұзу деректері бойынша мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін қарау оның өз өтінішіне сәйкес қызметтен кетуіне кедергі келтірмейді.

Еске сала кетейік, аталған департамент басшысының түнгі клубтағы видеосына байланысты тексеру басталғанын бұдан бұрын жарияланған болатын.