Той туралы хабарлағандарға 20 мың теңге берілетін болды

0
1 504

Той иелерін жазалау қалай жүзеге асырылатыны да айтылды.


Той туралы хабарлағандарға 20 мың теңге берілетін болды

ERNUR.KZ. Маңғыстаулықтар 102 немесе 112 номерлеріне хабарласып той туралы айтып, қаражат ала алады, деп жазады Stan.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарға сыйақы беру мәселесі облыстық комиссия отырысында талқыланды.

"Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, мерейтойлық, салттық және басқа да көпшілік іс-шаралар, соның ішінде үйде өткізілгендігі туралы расталған фактілер туралы хабарламалар үшін 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді", - деп түсіндірді БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі той иелерін жазалау қалай жүзеге асырылатынын айтып берді. Іс-шара жайлы мәлімет берген азамат сыйақы алады.

"Карантин кезінде іс-шара өткізіліп жатқаны туралы сенімді ақпаратты иеленген жағдайда, бұл туралы 102 және 112 нөмірлеріне хабарлау қажет. Полиция қызметкерлері мен СЭС-тен арнайы қызметкерлер келіп, тексеру жүргізетін болады. Құқық бұзушылықты тіркегеннен кейін мәлімет берген азаматқа тиісті сома төленеді. Тиісті шешім комиссияның келесі отырысында қабылданады", - деп түсіндірді БҚО әкімдігінде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі той жасағандар туралы хабарлаған тұрғындарға ақша төлейтіні белгілі болған.