Тойда оқ атқан қызылордалық қамауға алынды

0
688

Ол тойда көлікпен жүргенде оқ атқан.


Тойда оқ атқан қызылордалық қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында тойда газды тапаншамен аспанға оқ атқан жас жігіт қамауға алынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.



Өткен демалыс күндері желіде белгісіз азаматтың газды тапаншамен аспанға оқ атқан видеосы тарады. Полицейлер бірден тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде Қызылорданың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол тойда көлікпен жүргенде оқ атқан.
Тәртіп бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы - 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 484-бабы (Азаматтық, қызметтік қаруды пайдалану тәртібін бұзу) мен 485-бабы (Газды қаруды құқыққа қарсы қолдану) бойынша жауақа тартылып, 7 тәулікке қамауға алынды.