Тоқаев аймақ елдерінің шекарасын анықтау мәселесін бейбіт жолмен шешуге шақырды

0
538

Президент тұрақсыздық туғызатын факторлардың бірі аймақтың жекелеген елдері арасындағы шекара мәселесінің реттелмегені екенін айтты.


Тоқаев аймақ елдерінің шекарасын анықтау мәселесін бейбіт жолмен шешуге шақырды

ERNUR.KZ. 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде аймақ елдерінің шекарасын бейбіт жолмен анықтау мәселесін шешуге шақырды, деп жазады zakon.kz.

Президент тұрақсыздық туғызатын факторлардың бірі аймақтың жекелеген елдері арасындағы шекара мәселесінің реттелмегені екенін айтты.

"Шекара мәселесін шешу тек көп ғасырлық достық, сенім және тату көршілік рухында, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын қатаң сақтау арқылы тек бейбіт жолмен жүзеге асырылуы тиіс", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

14 қазанда Астанада Орталық Азия-Ресей саммиті өтті.