Тоқаев Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
538

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


Тоқаев Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.