Мемлекет басшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде болған қауіпті жағдайда Ресейдің көмегін ерекше атап өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті, деп жазады sputnik.kz.
Мемлекет басшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде болған қауіпті жағдайда Ресейдің көмегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ құрбандардың көп болғанынына алаңдайтынын айтып, барлық кінәлі адамның жазаланатынын мәлімдеді.
Ал Владимир Путин Қазақстанның халықаралық терроризммен бетпе-бет келгенін жеткізді.
"Біз қаңтар оқиғаларынан кейін алған рет кездесіп отырмыз. Сол кезде Қазақстан халықаралық бандалардың құрбаны болды. Бұл асыра айтқандық емес. Олар елдің ішкі жағдайын пайдаланып кеткісі келген", - деді Путин.
Оның айтуынша, жаңа жылдың алдындағы кездесу кезінде бәрі тыныш болды, трагедияның алғышарты болатындай жағдай байқалмады.