Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз, деді президент.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.