Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде елімізде үлкен саяси науқан басталғанын атап өтті.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында интернеттің қазақстандық сегментіне жасалған кибершабуылдар туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде елімізде үлкен саяси науқан басталғанын атап өтті.
"Әрине, сайлаудан кейін түрлі пікірталастар болады. Оның үстіне ел мүддесіне қайшы келетін, тіпті жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бұған абай болу керек", - деді ол.
Сондай-ақ, Тоқаевтың айтуынша Президент сайлауы өтетін уақыт жарияланғаннан кейін түрлі фейктер таралып, кибершабуылдар күшейе түседі.
"Бұл жай емес. Белгілі бір сыртқы күштер Қазақстанда дүрбелең тұрғызуды көздеп отыр. Олардың бар ойы елдегі оң өзгерістерге тосқауыл қою. Бірақ біз бұл жолдан жаңылмаймыз", - деді Мемлекет басшысы.