Тоқаев Киевте журналиске жасалған қастандық туралы: Қазақстан тергеуге қатысуға дайын

0
347

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстанда заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс.


Тоқаев Киевте журналиске жасалған қастандық туралы: Қазақстан тергеуге қатысуға дайын

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.

"Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді, – деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстанда заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет.