Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" заңға қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Мемлекет басшысы "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Жарлықта.
Заң нені реттейді:
- экспорт, импорт, транзит, реэкспорт, экстерриториялық реэкспорт және экстерриториялық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсету мәселелері;
- Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттермен мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне физикалық бақылауды қалпына келтіру;
- лицензия беру кезінде уәкілетті орган мен ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға көшу;
- ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары құзыреттерін күшейту, оның ішінде экспортты жүзеге асыру кезінде ақпарат жинау кезінде;
- Қазақстан заңнамасына қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты кезіндегі тәуекелдерді бағалау критерийлерін және осы саладағы өзге де ерекшеліктерді енгізу.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.