Тоқаев Путинге қарыз болдық деген қауесеттерді жоққа шығарды

0
657

Мемлекет басшысы "Ресей Президентіне енді қарыздар" екені туралы қауесеттерге де түсінік берді.


Тоқаев Путинге қарыз болдық деген қауесеттерді жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезеңіне қатысуына қатысты түсінік берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Хабар" телеарнасының журналисімен сұхбат барысында Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін тарту шарттық құжаттарға сәйкес орындалғанын және толығымен заңды екенін атап өтті.

"ҰҚШҰ-ға өтініш білдіргенде, мен бөтен адамдарға емес өзіме және одақтастарыма жүгіндім. (...) Қазақстанға келген ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті бірде-бір оқ атқан жоқ. Басынан бастап бұл контингент қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни стратегиялық нысандарды қорғау функцияларын орындайды деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Қалған сұрақтарды біз өзіміз шешеміз. Бізге тыл керек еді. Бітімгершілік контингентінің Қазақстанға келуі туралы хабардың өзі бандиттер үшін өте маңызды психологиялық, қорқынышты роль атқарғанын жақсы түсіну керек. Бұл күш екені түсінікті. Айтпақшы, бұл Ресейден басқа Беларусь, Тәжікстан, Армения және Қырғызстанның әскери бөлімдері біріккен контингент", - деп түсіндірді Тоқаев.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы "Ресей Президентіне енді қарыздар" екені туралы қауесеттерге де түсінік берді.

"Мен Владимир Владимирович Путинмен көп сөйлессем де мұндай ешқандай әңгіме болмады деп жауапкершілікпен айтамын, біз кейінірек есептесеміз деген де, әрине, болмады. Кремльдің алдын ала шарттары да болған жоқ. Ақыр соңында Ресей Қазақстан үшін одақтас мемлекет", - деді Тоқаев.

Еске салайық, 6 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мемлекет басшыларының көмегіне жүгінгенін айтқан болатын.

Кейінірек, 8 қаңтарда Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті Ресей басшысына конституциялық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруге жәрдем көрсету үшін ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін жіберу мәселесін шешуге қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.