Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

0
597

Кузбастағы "Листвяжная" шахтасындағы қайғылы оқиға 25 қараша күні таңертең болды.


Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы "Листвяжная" шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Кузбастағы "Листвяжная" шахтасындағы қайғылы оқиға 25 қараша күні таңертең болды.

Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құрады.

Өрт кезінде шахтада барлығы 285 адам болған.