Тоқаев "Спутник-V" вакцинасын салдырды

0
1 502

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.


Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.


«Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді» - деп жазды Берік Уәли.


Сондай-ақ, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырғаны, бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екені айтылды.