Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды

0
797

Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғарғы президенттік кеңестің құрылып отырғанын хабарлады.


Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды, деп хажазады Sputnik Қазақстан.


"Мен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруға шешім қабылдадым. Осы орган тікелей президентке бағынады. Бұрын ондай мемлекеттік орган болған және өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындаған. Енді, ол барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық органы болады", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жаңа мемлекеттік органның барлық реформасы нақты болуы керек.

"Реформалар жөніндегі жоғарғы президенттік кеңес құрылып отыр. Ал ахуалды тиімді бағалау үшін агенттіктің құрамына статистика комитеті ауыстырылады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр.