Тоқаев: Танымал компанияларға жеңілдік жасауды доғару қажет

0
684

Байырғы проблеманы жүйелі шешу үшін Президент тапсырмасымен өнеркәсіпке қатысты заң да қабылданбақ.


Тоқаев: Танымал компанияларға жеңілдік жасауды доғару қажет

ERNUR.KZ. Енді отандық өнім өндіретін кәсіпорындар шикізатпен қамтамасыз етіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Байырғы проблеманы жүйелі шешу үшін Президент тапсырмасымен өнеркәсіпке қатысты заң да қабылданбақ. Бірақ оған дейін Үкімет пен «Атамекен» палатасы бірлесіп, өнім шығаруға қабілетті отандық өндірушілердің пулын әзірлеуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті съезінде осындай міндеттемелер жүктеді.

Елімізде бизнеске арналған үкімет порталы пайда болады. Мұнда кәсіпкерлер өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтер мен қолдау шараларын цифрлық түрде алады.

DIGITAL ATAMEKEN цифрлық экожүйесінде бизнесмен кәсібін ресми тіркеуден бастап, микронесиеге дейін рәсімдей алады. Тіпті портал арқылы тауар экспорттауға да шығуға болады.

Ал ісін енді бастап жатқандарға «Бастау» бағдарламасы арқылы арнайы оқудан өтуге мүмкіндік бар. DIGITAL ATAMEKEN цифрлық экожүйеде салықтық міндеттемелерді бақылауға болады.

Үкіметтік порталды жүзеге асыру үшін 2021-ші жылдың соңына дейін 1,4 млн кәсіпкерлер үшін жеке кабинет ашу қажет. Цифрлық қызметтер 2022-ші жылдың басында қолданысқа шығарылады.

Сондай-ақ съездде Палата өз жұмысын қорытындылады. Әсіресе, пандемия «Атмекен» жұмысының тиімділігіне жүргізілген емтихан іспетті болды. Ұйым бұл сынақтан сүрінбей өтті деуге толық негіз бар. Коронадағдарысқа қарамастан бизнес қызметін жалғастыруға мүмкіндік алды, ал шектеулерге қарамастан кәсіпкерлердің саны 27 мыңға артқан. Алайда, шешімін таппай жатқан түйткілдер де аз емес.